(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕТІМ БАЛАҒА (ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА) ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚА...

Осы редакция 2019 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.21.01. № 53 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 650 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 684 бұйрығымен (бұр.ред.қара)  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 сәуірдегі

№ 198 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.13.12 берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушігеқұжаттарды тапсырған сәттен бастап - 19 (отыз) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты -15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.